ШЕШІМ
2022 жылғы 19 шілде № 26-3
Тасқала ауылы
«Тасқала ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы
18 тамыздағы №13-9 шешімімен бекітілген Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру Ережесіне және Тасқала ауданы әкімінің ұсынысына сәйкес Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық
мәслихаты ШЕШТІ:
1. Егеменді Қазақстанның тәуелсіздігі мен біртұтастығын сақтауға, бейбіт заман кезінде қамқорлық жасау және азаматтық парызын өтеу барысында айрықша көзге түскен, ауданның саяси-әлеуметтік, мәдени-экономикалық және рухани дамуына зор үлес қосқан азамат Нұрғалиев Салауат Ғаббасұлына «Тасқала ауданының құрметті азаматы» атағы берілсін.
2. Марапатталған азаматтың «Тасқала ауданының құрметті азаматы» айырықша белгісі мен «Тасқала ауданының құрметті азаматы» куәлігін дайындау аудандық мәслихат аппаратына жүктелсін.
3. Аталған белгі мен куәлігі аудан әкімінің және мәслихат хатшысының қатысуымен салтанатты түрде табыс етіледі.
Аудандық мәслихат хатшысы Ж.Бисенғалиева