ШЕШІМ
2022 жылғы 19 шілде № 26-2
Тасқала ауылы
Тасқала ауданының Қазақстан, Достық, Амангелді ауылдық округтерінің 2021 жылы атқарған қызметтері және 2022 жылғы арналған жұмыс жоспары туралы есептері
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Тасқала ауданының Қазақстан, Достық, Амангелді ауылдық округтерінің 2021 жылы атқарған қызметтері және 2022 жылға арналған жұмыс жоспары туралы есептері мақұлданып, қатерге алынсын.
2. Ауылдық округтердің әкімдері:
1) Ауылды абаттандыру жұмыстарын күшейтсін;
2) Электр жүйелерін кері тарту жұмыстарын сапалы жүргізуге ықпал етсін.
Аудандық мәслихат хатшысы Ж. Бисенғалиева