ШЕШІМ
№25-5 05 шілде 2022 жыл
Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 18 тамыздағы №33-4 «Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңына және Тасқала ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 22 қазандағы №251 қаулысына сәйкес аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Тасқала аудандық мәслихатының 2015 жылғы 18 тамыздағы №33-4 «Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешімімен бекітілген комиссия құрамына төмендегі өзгерістер енгізіліп, бекітілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасына сәйкес құрылған комиссия құрамына:
Жайсаң Жандарбек Жонболатұлы - Тасқала ауданы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметі және әкімшілік жұмыстары бөлімінің бас инспекторы-заңгер, комиссия хатшысы;
Калиев Азамат Кадыржанович – Тасқала аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
Сапаров Асхат Гайдарович – Тасқала аудандық білім беру бөлімінің бас маманы, комиссия мүшесі (келісім бойынша);
Таңатжан Мұхтар Таңатжанұлы – Тасқала ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі;
Тажғалиев Дәурен Еркінұлы – Тасқала ауданының прокуроры, комиссия мүшесі (келісім бойынша);
көрсетілген комиссия құрамынан М.Н.Мажитова, Н.Т.Сағынов, М.Төребек, З.Б.Мурзагалиев, Т.Исмаилбаев шығарылсын.
2.Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат хатшысы Ж.Бисенгалиева