
Тасқала аудандық қоғамдық кеңесі (бұдан әрі –Ереже)- ауданның жергілікті мемлекеттік басқару органдары коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп құратын консультациялық-кеңесші, бақылаушы орган болып табылады.
Қоғамдық кеңестер өз қызметінде Конституцияны, оған сәйкес келетін заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ ережені басшылыққа алады.
Қоғамдық кеңес орталық мемлекеттік органдар, жергілікті өкілді немесе жергілікті атқарушы органдар жіберген азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарайды.
Сонымен қатар аудан мекемелері мен ауылдық округ әкімі аппараттары бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтері туралы, оның сапасын арттыру бойынша және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы есептерін тыңдайды.