Астана қаласында «Fibonacci Robot Olympiad Kazakhstan» республикалық кезеңінің қорытындысы

Астана қаласында «Fibonacci Robot Olympiad Kazakhstan» республикалық кезеңінің қорытындысы
«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және колдау орталығы «AZ GROUP LLC» ЖШС-мен бірлесіп 2025 жылғы 15-16 наурыз аралығында Астана қаласында «Fibonacci International Robot Olympiad халықаралық олимпиадасының «Fibonacci Robot Olympiad Kazakhstan» республикалық кезеңін өткізді.
Аталған олимпиадаға Тарбағатай ауданы бойынша білім бөліміне қарасты А.Байтұрсынов атындағы орта мектебінің оқушылары бақтарын сынап қатысып Түркияның Анталия қаласында өтетін Халықаралық байқауға жолдама жеңіп алды. Аудан намысын қорғаған ауыл балаларын жеңісімен құттықтаймыз!!! Жетекші ұстазы Амантаев Думан Амантайұлын құттықтай отырып шығармашылық шабыт пен толағай жетістіктер тілейміз! Жарайсыздар.
Республикадан жеңімпаз атанған жүлдегерлерді ауыл тұрғындары мен әріптестері сондай-ақ білім бөлімінің информатика пәні бойынша әдіскер Ерқанат Әлиханұлы тосып алып құттықтап ақ жарма тілектерін білдіріп Халықаралық байқаудан жүлделі болуларына тілегін білдірді.