«Барлығына арналған мектеп» инклюзивті білім беруді дамыту бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына аудандық оқыту семинар-практикумы өткізілді.

«Барлығына арналған мектеп» инклюзивті білім беруді дамыту бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына аудандық оқыту семинар-практикумы өткізілді.
2025 жылдың 27 ақпан күні Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің жылдық жоспары негізінде «Барлығына арналған мектеп» инклюзивті білім беруді дамыту бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына аудандық оқыту семинар-практикумы өткізілді. Семинар барысында Тарбағатай ауданы бойыншы білім бөлімі нің әдіскер А.Оразгалиева ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ-нің «Мектеп барлығы үшін» инклюзивті білім беру бойынша жағдай жасау бойынша әдістемелік ұсынымдармен таныстырып өтті. «М.Әуезов атындағы мектеп-интернат-колледжі» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Амиргазина « «Инклюзивті білім берудегі нормативтік құқықтық актідер», «К.Төгісов атындағы орта мектебі» КММ бастауыш пәні мұғалімі Д.Мусабаева "Жалпы білім беру мектебіндегі психологиялық- педогогикалық қолдау қызметіндегі логопед маманның міндеттері мен атқаратын қызметі",«Абай атындағы орта мектебі» КММ психологы Ж.Набиева «Инклюзивті білім берудегі ерекше оқуды қажет ететін оқушылармен пәндерді жүргізу ерекшеліктері.», «Т.Рысқұлов атындағы орта мектебіә КММ психологы Н.Қуандыкова «Инклюзивті білім беруде білім алушыларды психологиялық сүйемелдеу» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Тарбағатай ауданы бойыншы білім бөлімінің әдіскері А.Оразгалиева қорытынды жасап, семинар барысында туындаған сұрақтарға жауап беріп өтті.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
0:03 / 0:23
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
и ещё 4
 
 
Все реакции:
Абай Атындағы Орта Мектебі, М.Әуезов Атындағы Ақжар Мектеп-интернат-колледжі и ещё 2