Республикалық «Яссауитану» білім байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы

Республикалық «Яссауитану» білім байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы
Республикалық «Ясауитану» білім байқауының
облыстық кезеңінің қорытындысы
2025 жылғы 26 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы жалпы білім беретін мектептердің 6-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Ясауитану» білім байқауының облыстық кезеңін өткізді.
Байқаудың қорытындысы бойынша Тарбағатай ауданы бойынша білім бөліміне қарасты
“Жамбыл атындағы мектеп-балабақша кешені” КММ-нің оқушысы Нұртазанова Балнұр жүлделі🏆1-орын.
“Қ. Билялов атындағы мектеп-лицейі”КММ оқушысы Ануарбекова Дина жүлделі 🏆1-орын
📆2025 жылғы сәуір айында өтетін байқаудың республикалық кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғайтын оқушыларымызға сәттілік тілейміз! Жарайсыздар!
Жетекші ұстаздарына алғыс білдіреміз!