2025 жыл 15-16 ақпан
Өскемен қаласында өткен ШҚО аудандары мен Өскемен қаласының мектеп мұғалімдері арасында Волейбол жарысында барлығы 32 команда қатысып, Тарбағатай ауданы бойынша білім бөліміне қарасты Абай атындағы орта мектебінің командасы жүлделі 3 ОРЫНҒА ие болды.
Команда мүшелері де көзге түсіп, өте жоғары дәрежеде ойын көрсетті.
"Үздік үйлестіруші" номинациясына - Смагзамова Диана, "Үздік қорғаушы" номинациясына - Қадір Айхан, "Үздік шабуылдаушы" номинациясына - Қалиев Қасымжомарт ие болды.
Мектеп басшысы Акыбаева Назигуль Ниязбековнаға аталмыш шараға қолдау көрсетіп, ШҚО дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын ұстану мақсатында белсенді өнер көрсетіп, спорт саласының өркендеуіне ат салысып және үлес қосқаны үшін Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің алғыс хаты берілді.