04.02.2025 жыл
Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің 2024-2025 оқу жылына арналған жоспарына сәйкес, 2025 жылдың 4 ақпан күні Құйған ауылындағы «Құйған орта мектебі» КММ-де география пәні мұғалімдеріне "География пәнінде жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдану" атты аудандық семинар ұйымдастырылып өткізілді.

Семинар барысында 2 ашық сабақ және 2 шеберлік сыныбы өткізілді. Ұстаздар жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін көрсету мақсатында әртүрлі платформаларды қолдана отырып, жоғары деңгейдегі жұмыстар ұйымдастырды.
Семинар барысында өткізілген сабақтар:
1.Болатбеков Әділет Болатбекұлы – «Майлин атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ;
2.Абылкасимов Рауан Есимбекович– «Қ.Сәтбаев атындағы Шеңгелді мектеп-бөбекжай-балабақша кешені» КММ.
3.Аязбек Нұрлан– «М.Әуезов атындағы мектеп-интернат-колледжі» КММ;
4.Қадылбекова Жанаргүл Қадылбекқызы– «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ
Семинарға барлығы аудан мектептерінен
17 география пәні мұғалімі қатысты. Семинар өз мақсатына жетіп, қатысушылар кәсіби біліктіліктерін жетілдіруге мүмкіндік алды.