
2025 жыл 04 ақпан
Тарбағатай аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне “Қ.Билялов атындағы мектеп-лицейі” базасында «Формирование коммуникативных навыков на уроках русского языка и литературы с применением образовательных технологий» тақырыбында аудандық іс-тәжірибе алмасу семинары өткізілді.

Семинардың мақсаты мен жоспарын Тарбағатай аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Байсалбаева Жулдыз Сайлаубековна түсіндіріп өтті.
Семинардың ашылу салтанатында лицейдің дарынды оқушылары орыс тілінде өлеңдерін оқып, өз білімдерін көрсете білді.
Жоспарға сай пән мұғалімдері ашық сабақ, шеберлік -сынып, иненсив формаларында өз тәжірибелерімен бөлісті.Қ.Билялов атындағы мектеп -лицейінің мұғалімі Сабырбаева Т.Е
10-сынып оқуышыларымен «В.М.Гаршин «Художники» тақырыбында , ҚАқынов атындағы орта мектебінің мұғалімі Каирбаева Ж.К
9- сынып оқушыларымен «Хроника в историческом детективе» тақырцбында, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің мұғалімі Исинова Э.М 6-сынып оқушыларымен «Древнекитайская цивилизация» , Абай атындағы орта мектебінің мұғалімі Набиева Ж.Е 5-сынып оқушыларымен «Посол страны детства» М.Әуезов атындағы Ақжар мектеп -интернат-колледжінің мұғалімі Нурахметова А.К «Разработка авторской программы» тақырыбында интенсив өткізіп, авторлық бағдарламаны жазу критерийлерімен таныстырды. Абай атындағы орта мектебі мұғалімі Кажаева Н.К «Формирование читательской грамотности» тақырыбында шеберлік сынып өткізсе, Сагатова А.А «Алгоритм написания статьи по русскому языку и литературе» тақырыбында практикум түрінде өз іс- тәжірибелерімен бөлісті. «Работа с текстом как основной способ формирования читательской грамотности» атты баяндаманы Абай атындағы орта мектебінің мұғалімі Абдекеева Ж.Т таныстырды.
Жалпы өткен аудандық семинар бойынша рефлексия жүргізілді. Қатысушылар ой-пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын айтып өтті.