25.12.2024
"Жаңа жыл - Тарбағатай төрінде" атты аудан әкімінің

жасыл шырша мерекесі ұйымдастырылып өткізілді.
Жасыл шырша мерекесіне Тарбағатай аудандық білім бөліміне қарасты барлық білім беру ұйымдарынан 100 білім алушы қамтылды. Аудан әкімі Жөргекбаев Дархан Шомпайұлы жаңа жыл мерекесімен құттықтап бүлдіршіндерге ақ тілегін білдірді.
Балаларға арнап арнайы сыйлықтар және ашық хаттар салынған тәттілер жинағы берілді. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған мерекеде оқушылар ертегі әлеміне енгендей сезім кешіп, көтеріңкі
көңіл- күй, ерекше қуанышқа кенеліп, өз ризашылықтарын білдіріп қайтты. Жаңа жыл мерекесі тек жақсылықтар мен қуаныштар алып келсін! Жаңа жыл құтты болсын!