
Құрметті әріптестер!
Баршаңызды Ұлы дала елінің ұлық мерекесі, елдігіміздің тұмары – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Көк байрағы желбіреген, абыройлы да айбынды,ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігіне - 33 жыл.Тәуелсіздік – біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Бұл күн ата-бабамыз аңсаған, еркіндік сыйлаған Ұлы күн.
Тәуелсіз еліміздің игілігі жолында аянбай еңбек етіп, еліміздің білім беру саласында сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында алға қойған мақсаттарға бірге қол жеткізе берейік.
Тәуелсіздік – баға жетпес байлық. Баршаңызды бүгінгі ұлық мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Әр шаңыраққа шаттық пен бақыт, дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық, еңбектеріңізге жеміс тілеймін!
Қазақ елінің Тәуелсіздігі ғұмырлы, Туымыз тұғырлы болсын!
Мереке құтты болсын!
Ізгі ниетпен
"Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімі"ММ басшысы С.Дауытбаева