«Тарбағатай ауданы бойынша аудандық білім бөлімі»ММ жоспары негізінде « К.Төгісов атындағы орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімдеріне «Бастауыш сыныпта оқытудың белсенді әдістері» тақырыбында аудандық семинар болып өтті.
Мақсаты: «Белсенді оқыту әдістерін сабақ кезеңдерінде тиімді қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру» Семинарда Төгісов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері Баяхметова Ж,Қанағатова Қ,Мусабаева, Майлин атындағы мектеп балабақша кешені мұғалімі Сулейменова С , Уәлиханов атындағы орта мектебі мұғалімі Машкенеева А.
Өз сабақтарын көрсетіп іс-тәжірибелерімен бөліскен педагог мамандар Аудандық білім бөлімінің мақтау қағазымен марапатталды.