Меню

Страницы

Статья

Білім беруді цифрландыру

"Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімі" ММ қарасты 29 білім беру мекемесі жұмыс жасайды.

Орта білім беру ұйымдарына балаларды қабылдау бойынша мемлекеттік қызметті автоматтандыру.

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметі автоматтандырылды.

 Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен ауданда жалпы білім беретін мектептердің 1-сыныбына құжаттарды қабылдау бойынша электрондық жүйе жұмыс істей бастады. Аталған қызметті ата-аналар электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) www.egov.kz порталы арқылы  ала алады. Өтініштерді 24/7 режимінде беруге болады, осылайша ата-аналар жұмыстан немесе үйден мектепке онлайн режимде өтініш беру мүмкіндігіне ие болады.1-сыныпқа қабылдау бойынша 363 оқушы қабылданып отыр. Оның 12 сы орыс ұлты болса қалған 351 оқушы қазақ ұлты. 363 оқушының  340 бүлдіршіні электронды түрде қабылданса 23 оқушы қағаз құжаттарын өткізу арқылы қабылданған болатын.

«Күнделік.kz» электрондық журналдар мен күнделіктер жүйесі.

Қазіргі уақытта kundelik.kz ақпараттық жүйесімен 29 мектеп жұмыс жасап отыр. Көрсеткіштерге сүйенетін болсақ  барлық мектеп 100% көрсетіп отыр. Облыс бойынша  аудандарының ішінде 2-орын алып отырмыз. 

Цифрлық білім беру ресурстарын қолдану.

Цифрлы білім беру платформалары  бойынша Тарбағатай ауданының 29 мектебі де жұмыс жасап отыр. Аудан мектептерінің 24 і Bilim land.kz платформасымен жұмыс жасаса, қалған 5 мектеп Дарын онлайн платформасымен жұмыс жасауда.

 

Дата публикации
13 декабря 2023
Дата обновления
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
14 декабря 2023
"Консультациялық пункт"
Ақпарат
13 декабря 2023
Жалпы орта беруді дамыту

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы