Меню

Страницы

Статья

Бір тұтас тәрбие бағдарламасы

Аудан мектептерінде  ата-аналар қауымдастығымен өзара іс-қимылын нығайту, «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталықтары  құрылды.

      Тарбағатай ауданының барлық білім беру ұйымдарында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының шеңберінде   позитивті ата-ана мәдениетін дамыту, әлеуметтік құзіретін арттыруға бағытталған жүйелі педагогикалық қолдау көрсету   жұмыстары жүргізілуде. Осы орайда ауданның 26 мектебінде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы құрылды. Педагогикалық қолдау орталығының мақсаты: балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде мемлекеттік орта білім беру ұйымдары мен ата-аналар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл үшін жағдайларды қамтамасыз ету «Даналық мектебі» клубы «Ата өсиеті», «Әже даналығы», «Аға қамқорлығы», «Жеңге кеңесі» бағыттары бойынша жұмыстар жүргізілуде. Білім беру ұйымдарында   ата-аналарға балалардағы  қобалжу жағдайының алғашқы белгілерін тану және оларға алғашқы көмек көрсету дағдыларын тегін оқытады: айқайсыз және жазасыз тәрбиелеу, балаға қалай көмектесу, стрессті жеңу, баламен сенімді қарым-қатынасты қалай құру керек. Саналы тәрбиенің негізгі өлшемдері зерттеледі: саналы тәрбие бағдарламасына нормативтік, экономикалық, рухани, қарым-қатынас, эмоционалдық, қорғаныштық, әдістемелік ұсыныстар беріледі. Позитивті ата-ана мәдениетін дамыту республиканың білім беру ұйымдарының педагогтарымен өзара іс-қимылда жүзеге асуда. Позитивті ата-ана мәдениетінің мәні – баланың терең түсінігінде, оның қажеттіліктерін, тілектерін, белгілі бір мінез-құлықтың себептерін, жеке тұлғаның толыққанды дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау.

Орталықтың қызметі балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде ата-аналардың және балалардың басқа да заңды өкілдерінің құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған.

Бүгінгі таңда әр отбасына өз әлеуетін ашуға көмектесу, ата-аналардың алдында тұрған мәселелерді шешуге жәрдем беру маңызды. Бұл жағдайда келесі факторларды ескеру қажет:

  1. Әр отбасының мықты жақтары мен маңызды практикалық дағдылары бар.
  2. Ауызбіршілігі күшті отбасы кез келген қиындыққа төзімді болады.
  3. Тіпті қиын кезде де ата-аналардың көпшілігі балаларын жақсы көреді және оларға қамқорлық жасайды.

«Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығы мен «Даналық мектебі» бойынша ата-аналарға арнайы сабақ кестесі бекітілді. Бекітілген кесте бойынша жауапты педагогтар түрлі форматта сабақтар өткізуде. Сабақ барысында ата-аналар аса белсенділік танытып қатысуда.

Дата публикации
13 декабря 2023
Дата обновления
13 декабря 2023
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
14 декабря 2023
"Консультациялық пункт"
Ақпарат
13 декабря 2023
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бойынша нормативті құжаттар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы