Тарбағатай ауданында кәсіптік бағдар беру бойынша жұмыстар атқарылуда.
"Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімі" ММ қарасты білім беру ұйымдарында 19 педагог қызметкерлер оқушылармен кешенді іс-шаралар жүргізуде.
-Ауданда «Мамандықтар әлемін ашамыз» конкурсы өткізіліп, облыстан, республикадан оқушылар жүлдемен оралды.
Аудан жоспарына сәйкес мектеп оқушыларына мамандықтар туралы ақпарат беру бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.
Шығыс Қазақстан кәсіптік білім беру орталығының сайтында www.ctipo.kz «Талапкерге» қойындысында оқушылар онлайн режимінде кәсіптің белгілі бір түрлеріне бейімділігін анықтауға арналған кәсіби диагностикалық тест тапсыра алады. Тест қорытындысы бойынша мамандық пен оқу орны таңдалады, кейін колледждер базасында бейін алдындағы даярлық курстарына жазылады.
Сонымен қатар, 9-11 сынып оқушылары үшін жыл көлемінде онлайн форумдар мен конференциялар өткізіледі.