Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің жылдық жоспары негізінде 5-8 сынып оқушыларына арналған “PRO ECO” экологиялық жобалар бойынша конкурс ұйымдастырылып өткізілді.

Конкурстың мақсаты-оқушыларды жауапкершілікке тәрбиелеу, экологиялық сауаттылықты арттыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғау қызметіне бейімдеу.

Байқау келесі 4 бағыт бойынша өткізілді:

Туған өлке табиғаты;

Мені қоршаған әлем ғажайып әлем;

Үздік экологиялық бастама;

Таза қала-сізден басталады;
Аудан оқушыларының үздік деп танылған жобалары облыстық кезеңге жолдама алды. Сәттілік тілейміз! Жүлделі болуларына тілектеспіз!