GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Қызметі
Мәслихат туралы
Баспасөз орталығы
Все материалы
13 октября 2026
Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясы 88-бабының 5 тармағына сәйкес Премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебаймен консультация өткізгеннен кейін «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлыққа қол қойды.

Орталық сайлау комиссиясына барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау, оның дайындығы мен өткізілуін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды қабылдау тапсырылды.

Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-barlyk-dengeydegi-maslihattardyn-okilettigin-merziminen-buryn-toktatu-turaly-zharlykka-kol-koydy-1294150

30 сентября 2026
КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯ ОТЫРЫСТАРЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың  29 қыркүйек күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс 45 және 46-шы сессия отырыстарын  мәслихат төрағасы Ө.Қанағатовтың төрағалығымен өтті. Сессия отырысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары,  ауылдық округ әкімдері, шақырылған бөлім және мекеме басшылары қатысты.

Сессияның күн тәртібіне  9 мәселе ұсынылып, қаралды:

1) Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №35/2-VIII "2026-2028 жылдарға арналған Тарбағатай ауданының бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2) Тарбағатай ауданының "Құрметті азаматы" атағын беру туралы.

3)Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №36/2-VIII « 2026-2028 жылдарға арналған  Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 4) Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №36/3-VIII « 2026-2028 жылдарға арналған  Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

5) Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №36/4-VIII « 2026-2028 жылдарға арналған  Тарбағатай ауданы Жаңаауыл ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

6) Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №36/5-VIII « 2026-2028 жылдарға арналған  Тарбағатай ауданы Жетіарал ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

7) Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №36/6-VIII « 2026-2028 жылдарға арналған  Тарбағатай ауданы Қабанбай ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

8) Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №36/8-VIII « 2026-2028 жылдарға арналған  Тарбағатай ауданы Маңырақ ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

9) Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы  №36/9-VIII « 2026-2028 жылдарға арналған  Тарбағатай ауданы Құйған ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Кезектен тыс 45-ші сессияның күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша хабарлама жасаған аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Қызов.

Екінші мәселе бойынша хабарлама жасаған аудан әкімінің орынбасары Е.Сабырбаев «Тарбағатай ауданының құрметті азаматы» атағын беруге байланысты  аудандық марапаттау комиссиясының шешімімен таныстырып өтті.

Кезектен тыс 46-шы сессияның күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша ауылдық округ әкімдері хабарлама жасады.       

Сессияның күн тәртібіне  ұсынылған барлық мәселелер бойынша депутаттар бірауыздан келісімдерін берді.

Кезектен тыс 45-ші және 46-шы сессияның трансляцияға сілтемелері:  https://youtube.com/live/HSeG5l2tK4Q?si=Gnx8FS9DKBA4_EZV

https://youtube.com/live/CKtURYIK4BE?si=rGdYe2CQ-p8jElTH

 

30 сентября 2026
2026 жылғы 29-шы қыркүйек күні бірлескен тұрақты комиссия отырысы өтті.

29 қыркүйек күні аудандық мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссиясының отырысы өтіп, отырысқа комиссия төрағасы, депутат Жайлаухан Қозыханұлы төрағалық етті.

Күн тәртібінде Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №35/2-VIII "2026-2028 жылдарға арналған Тарбағатай ауданының бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Тарбағатай ауданының "Құрметті азаматы" атағын беру туралы; Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №36/2-VIII «2026-2028 жылдарға арналған Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №36/3-VIII « 2026-2028 жылдарға арналған  Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №36/4-VIII « 2026-2028 жылдарға арналған  Тарбағатай ауданы Жаңаауыл ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №36/5-VIII « 2026-2028 жылдарға арналған  Тарбағатай ауданы Жетіарал ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №36/6-VIII « 2026-2028 жылдарға арналған  Тарбағатай ауданы Қабанбай ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №36/8-VIII « 2026-2028 жылдарға арналған  Тарбағатай ауданы Маңырақ ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы  №36/9-VIII « 2026-2028 жылдарға арналған  Тарбағатай ауданы Құйған ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.

Аталған мәселелер бойынша аудан әкімінің орынбасары Е.Сабырбаев; аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Қызов және ауылдық округ әкімдері хабарлама жасады.

Отырыс соңында депутаттардың ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып, күн тәртібіндегі мәселелерді кезектен тыс 45 сессиясы мен кезектен тыс 446 сессияға бекітуге қаулы қабылданды.

 

26 сентября 2026
Тарбағатай аудандық мәслихаты депутаттарының және аудан тұрғындарының назарына!!!

Тарбағатай аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық алтыншы сессиясы 2026 жылдың 29-шы қыркүйек күні сағат 16.30-да аудан әкімдігі ғимаратында (Жамбыл көшесі, 15, 1-қабат) өтеді. Сол күні бірлескен тұрақты комиссия отырысы сағат 15.30-да өтеді.

Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:

1.Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №36/2-VIII « 2026-2028 жылдарға арналған  Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2.Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №36/3-VIII « 2026-2028 жылдарға арналған  Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

3.Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №36/4-VIII « 2026-2028 жылдарға арналған  Тарбағатай ауданы Жаңаауыл ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

4.Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №36/5-VIII « 2026-2028 жылдарға арналған  Тарбағатай ауданы Жетіарал ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

5.Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №36/6-VIII « 2026-2028 жылдарға арналған  Тарбағатай ауданы Қабанбай ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

6.Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №36/7-VIII « 2026-2028 жылдарға арналған  Тарбағатай ауданы Қарасу ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

7.Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №36/8-VIII « 2026-2028 жылдарға арналған  Тарбағатай ауданы Маңырақ ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

8.Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы  №36/9-VIII « 2026-2028 жылдарға арналған  Тарбағатай ауданы Құйған ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Тарбағатай аудандық

мәслихатының төрағасы            О.Канагатов         

26 сентября 2026
Тарбағатай аудандық мәслихаты депутаттарының және аудан тұрғындарының назарына!!!

Тарбағатай аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық бесінші сессиясы 2026 жылдың 29-шы қыркүйек күні сағат 16.00-де аудан әкімдігі ғимаратында (Жамбыл көшесі, 15, 1-қабат) өтеді. Сол күні бірлескен тұрақты комиссия отырысы сағат 15.00-да өтеді.

Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:

1.Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №35/2-VIII "2026-2028 жылдарға арналған Тарбағатай ауданының бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2. Тарбағатай ауданының "Құрметті азаматы" атағын беру туралы.

Тарбағатай аудандық

мәслихатының төрағасы            О.Канагатов    

 

22 сентября 2026
Аудандық мәслихаттың кезекті 44-ші сессиясы өтті

Бүгін, аудандық мәслихаттың кезекті қырық төртінші сессиясы өтті.

Мәслихат төрағасы Өмірхан Әйкенұлы «Тарбағатай аудандық мәслихаты төрағасының 2025 жылғы атқарылған жұмыстар туралы» есебін берді.

Сонымен қатар, «Аудан аумағында асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытудағы атқарылған жұмыстар және мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау туралы.   Мал шаруашылықтарының субсидиялау бағдарламаларына қатысуы мен тиімділігі туралы»; «Әлеуметтік сала және тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселелері, депутаттық өкілеттілік, этика және заңдылықтар жөніндегі» тұрақты комиссиясының 2025 жылғы есебі және «Агроөнеркәсіп кешені мен кәсіпкерлікті дамыту және бюджет мәселелері бойынша» тұрақты комиссиясының 2025 жылғы есебі туралы; «Тарбағатай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы; Маңырақ ауылындағы атауы жоқ көшеге атау беру туралы мәселелер қаралды.

Күн тәртібіне қойылған мәселелер бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.

Трансляцияға сілтеме:  https://youtube.com/live/6plUAytdGbo?si=xXjnK1YAg0rUnKEq

Мәслихаттың тұрақты комиссиялары
22 сентября 2026
Бірлескен тұрақты комиссия отырысы өтті

2026 жылдың 22 – ші қыркүйек күні Тарбағатай аудандық мәслихатының бірлескен тұрақты комиссия отырысы өтті.

Бірлескен тұрақты комиссия отырысына аудандық мәслихатының депутаты Ж.Тұрабаев төрағалық етіп, жүргізіп отырды.

Отырыстың күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық мәслихатының төрағасы О.Канагатов 2025 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебін берді.

Екінші мәселе бойынша аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы М.Мұқатов аудан аумағында асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытудағы атқарылған жұмыстар және мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау туралы. Мал шаруашылықтарының субсидиялау бағдарламаларына қатысуы мен тиімділігі туралы баяндама жасады.

Үшінші және төртінші мәселелер бойынша аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының төрағалары Ж.Тұрабаев пен Э.Темирбаева тұрақты комиссиялардың 2025 жылғы есебін берді.

Күн тәртібіндегі бесінші мәселе бойынша аудандық мәслихат аппаратының басшысы А.Тюлюбаев «Тарбағатай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту бойынша баяндама жасады.

Алтыншы мәселе бойынша аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және дене шынықтыру,спорт бөлімінің бас маманы Г.Бақытбек Маңырақ ауылындағы атауы жоқ көшеге атау беру туралы хабарлама жасап, депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Аудандық мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссия отырысында қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті қаулы қабылданды.

16 сентября 2026
ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШҚЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ

Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ.

Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді. Жоба 7 бағытты қамтиды:

- «Кітап оқитын мектеп» — 6–10 сынып оқушылары;

- «Кітап оқитын колледж» — колледж студенттері;

- «Кітап оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттері;

- «Кітап оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары;

- «Кітап оқитын әулет» — отбасылық командалар;

- «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер;

- «Кітап оқитын зияткер» — жасына және қызмет саласына шектеу қойылмайтын барлық азаматтар.

Әр қатысушы өз бағыты бойынша арнайы іріктелген 330 кітаптан тұратын қордан 15 кітап оқуы қажет. Оның 165-і қазақ тілінде, 165-і орыс тілінде ұсынылған. Кітаптар тізіміне отандық авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи туындылар енді. Тізімді жасақтау кезінде жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы бойынша «100 кітап» тізіміне енген шығармалар, сондай-ақ әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жазған туындыларды қоса алғанда, әлемдік бестселлерлер де ескерілді.

Негізгі оқу кезеңі биыл қыркүйек айында басталып, 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады. Осы уақытта қатысушылар кітаптарды оқып, жеке кабинетінде пікірлерін жариялап отырады. Ал 2027 жылғы наурыз–сәуір айларында қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздер өткізіледі.

Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады: 1-орын — 600 000 теңге; 2-орын — 450 000 теңге; 3-орын — 300 000 теңге.

Барлық финалист дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.

Қатысу ережелері, бағыттар бойынша регламенттер және кітаптар тізімі жобаның ресми сайтында жарияланған: www.reading-nation.kz

Республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонын жүзеге асыруға жобаның бірқатар маңызды серіктестері де атсалысуда. Қазақстан Жазушылар одағы, Креативті индустрияларды дамыту қоры, KITAP және «Яндекс Кітаптар» цифрлық платформалары оқу мәдениетін дамытуға, заманауи әдеби бастамаларды қолдауға және оқырмандардың кітаппен өзара байланысуына жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етпек.

Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

14 сентября 2026
Азаматтарды жеке қабылдау өткізілді

Тарбағатай аудандық мәслихатының төрағасы О.Канагатов бүгін азаматтарды жеке қабылдауын өткізді. Қабылдау барысында аудан тұрғынының жеке мәселесі қаралды.  Азаматша өзінің банкрот деп танылуына қатысты мәселесі бойынша өтініш білдірді. Аудандық мәслихаттың төрағасы О.Канагатов азаматшаның мәселесін тыңдап, айтылған өтініштің қолданыстағы заңнамаға сәйкес мүмкін болатын жолдары қарастырылатын болады.

13 сентября 2026
Тарбағатай аудандық мәслихаты депутаттарының және аудан тұрғындарының назарына!!!

Тарбағатай аудандық мәслихатының кезекті қырық төртінші сессиясы 2026 жылдың 22-ші қыркүйек күні сағат 11.00-де аудан әкімдігі ғимаратында (Жамбыл көшесі, 15, 1-қабат) өтеді. Сол күні бірлескен тұрақты комиссия отырысы сағат 8.30-да өтеді.

Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:

1.Тарбағатай аудандық мәслихаты төрағасының 2025 жылғы атқарылған жұмыстар туралы есебі.

2.Аудан аумағында асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытудағы атқарылған жұмыстар және мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау туралы. Мал шаруашылықтарының субсидиялау бағдарламаларына қатысуы мен тиімділігі туралы.

3.«Әлеуметтік сала және тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселелері, депутаттық өкілеттілік, этика және заңдылықтар жөніндегі» тұрақты комиссиясының 2025 жылғы есебі.

4.«Агроөнеркәсіп кешені мен кәсіпкерлікті дамыту және бюджет мәселелері бойынша» тұрақты комиссиясының 2025 жылғы есебі.

5.«Тарбағатай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы.

Тарбағатай аудандық

мәслихатының төрағасы            О.Канагатов  

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы