Жұмахан Ерғали Калиоллаұлы 1951 жылы 23 қазанда бұрынғы Семей облысы, Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылында дүниеге келген.
Киров атындағы мемлекеттік университеттің журналистика факультетін тәмамдаған.
1982-2002 жылға дейін аудандық партия комитетінде лектор, нұсқаушы, парткомиссия төрағасы, советте, аудан әкімшілігінде бөлім менгерушісі, аппарат басшысы, аудандық мәслихаттың депутаты қызметін атқарған.
Марапаттары:Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері,Қазақ журналистикасының қайраткері, Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы», Ақпарат саласының үздігі, Елбасының «Алғыс хатымен», ШҚО әкімінің журналистика саласының лауреаты, Аудан әкімінің «Құрмет» грамоталарымен бірнеше рет марапатталған.
«Құнарлы топырақ, құрметті ұрпақ», «Ақсуат»кітабның авторы.