Ислямов Бақытбек Ескендірұлы 1961жылы Тарбағатай ауданы, Жаңаауыл ауылында дүниеге келген.1988-1998 жылдары Тарбағатай жүк тасымалдау және Ақжар жолаушы тасымалдау кәсіпорындарында бас экономист, 1998-2002 жылдары аудандық мәслихаттың депутаты, «Барыс» ЖШС директоры, «Ақжар»ПАТП» АҚ президенті. 2002-2010 жылдары Ақжар ауылдық округінің әкімі, аудан әкімі аппараты кеңсесінің меңгерушісі, аудан әкімінің кеңесшісі, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар транспорты және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.