Какенов Абаш 1956 жылы 28 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы,Тарбағатай ауданы, Ахметбұлақ ауылында дүниеге келген.
1974 жылы Жаңаауыл ауылындағы орта мектепті бітірген.
1976-1998 жылы Ахметбұлақ ауылындағы мектепте шаруашылық меңгерушісі, Жаңаауыл мәдениет үйінде киномеханик, автоклуб меңгерушісі, Ұлан аудандық мәдениет үйінде әнші болып қызмет атқарған.
1994 жылы I шақырылған Тарбағатай аудандық мәслихатының депутаты болып сайланған.
Айтыскер ақын,әнші,термеші. Халықаралық ақын – жыршылар Одағының мүшесі. Аймақтық, облыстық, республикалық, халықаралық айтыстардың бірнеше дүркін жүлдегері. Тәуелсіз елдін тұнғыш «Жастар одағы» сыйлығының лауреаты. Облыс әкімі сыйлығының, Абай атындағы сыйлықтың иегері. Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы». Қазақстан Республикасының мәдениет қайреткері.