Жанпеисов Еркінбек Рахметұлы 1950 жылы 13 ақпанда ШҚО, Тарбағатай ауданы,Манырақ ауылында қатардағы шаруа отбасында дүниеге келген.
1967 жылы Ақжар ауылында Абай орта мектебін бітірген.
1977 жылы Семей қаласында мемлкеттік медициналық институтының емдеу факультетін бітірген.
1967-1999 жылдары Ақжар совхозында жұмысшы, ВКУЭС Алтайэнерго мекемесінде электрик, Тарбағатай аудандық ауруханасына отоларинголог дәрігері, бас дәрігерінің емдеу жөніндегі орынбасары, бас дәрігері , Міндетті медициналық сақтандыру қорының Тарбағатай ауданы бойынша филиалының директоры және Тарбағатай ауданының эксперт дәрігері болып қызметтер атқарған.
1994 жылы 1 шақырылған Тарбағатай аудандық мәслихатының депутаты болып сайланған.
Марапаттары: Ауылдық округ әкімінің, Аудандық партия комитетінің грамотасы,аудандық аурухананың, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамотасы, облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапаталған.