Айдар Назия Болатқызы 1993 жылы 14 наурызда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Тоғызбұлақ ауылында дүниеге келген.
2001-2011 жылдары «Қапез Байғабылұлы» атындағы орта мектепті бітірген.
2011-2015 жылдары Алматы қаласында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетін «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығын алған.
2015 жылы Алматы қаласындағы №93 ЖББМ-те бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарған.
2018 жылы Шығыс Қазақстан облысы,Тарбағатай ауданы, Қарасу ауылының «Қасым Қайсенов» атындағы орта мектептің жанынан ашылған шағын орталықта әдіскер болып қызметін атқарып келеді.