Омарбеков Сержан Көкенұлы 1963 жылы 5 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылында дүниеге келген.
1981 жылы Абай орта мектебін бітірген.
1982-1984 жылдары Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеген.
2000 жылы Қазақтың мемлекеттік спорт және туризм академиясын дене тәрбиелеу мәдениеті және спорт мамандығын алған.
1984-2018 жылдары Ақжар совхозында жүргізуші, Өскемен қаласындағы ОНДЮКСШ – да ұлттық спорт ойындарының (көкпар, бәйге, аударыспақ, теңге алу) Тарбағатай ауданы бойынша жаттықтырушысы, Тарбағатай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тұлпар»ұлттық спорт түрлері клубы мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорын басшысы, Тарбағатай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі «Балалар-жасөспірімдер ұлттық ат спорт мектебі»КММ басшысы қызметтерін атқарып келеді.
«Бота» шаруа қожалығының жетекшісі. 4 мәрте Тарбағатай аудандық мәслихатының депутаты болып сайланған.
Марапаттары: Аудан, облыс әкімінің, «Бәйжігіт баба» қоры төрағасының, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы Президентінің, «НұрОтан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбектің, ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының алғыс хаттары мен дипломдары, ҚР туризм және спорт министрлігінің спорт комитетінің Құрмет грамотасы марапатталған және ҚР «Құрметті спорт қайраткері», ҚР «Еңбек сіңірген жаттықтырушысы», Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы», «Ерен еңбегі» медалінің, «Халық қаhарманы Қасым Қайсенов» орденінің иегері.