Шыныбаев Кенжебек Көкенұлы 1967 жылы 31 тамызда бұрынғы Семей облысы, Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылында дүниеге келген.
1985-1987 жылдары Кеңес Одағының қатарында азаматтық борышын өтеген.
1988-2007 Ақсуат тұтынушылар одағының жүргізушісі, Ақсуат нефтебазасының операторы, «Ақсуат жолдары» ЖШС басшысының шаруашылық орынбасары, «Медеу» шаруа қожалығының төрағасы, «Санжар» шаруа қожалығының төрағасы, «Семей орманы» мекемесінде жұмыстар атқарған.
2007-2016 жылдары аралығында Тарбағатай аудандық маслихатының тексеру комиссиясының төрағасы, Сатбаев ауылдық округінің әкімі, Тарбағатай аудандық мәслихаты аппаратында бас маманы болып қызметтер атқарған.
2016 жылдан Тарбағатай аудандық мәслихатының депутаты, «Шығыс су» РМК Ақсуат өндірістік учаскісінің басшысы қызметін атқаруда.