Құнафиянов Бақытжан Қалымұлы 1962 жылы 8 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылында дүниеге келген.
1979 жылы Абай орта мектебін бітірген.
1984 жылы Өскемен қалалық жол-құрылыс институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген.
1984-2002 жылдары Ақжар коммуналдық шаруашылық кәсіпорынының бас инженері, басшысы, «Айзат» жеке кәсіпорынының басшысы, «Қоныс» шаруа қожалығының жетекшісі болып, 2002 жылдан бастап «Айзат-Құрылыс» ЖШС-нің директоры міндетін атқарып келеді.
Марапаттары: Аудан әкімінің, «НұрОтан» партиясы аудандық және облыстық филиалы төрағаларының бірінші орынбасарларының бірнеше мәрте алғыс хаттары, аудан, облыс әкімдерінің, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің дипломдарымен, ауыл әкімінің грамоталарымен марапатталған.
Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы».