Қалимажан Төлеген Әбілғазыұлы 1961 жылы 10 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылында дүниеге келген.
1978 жылы Абай орта мектебін бітірген.1986 жылы Қазақ дене тәрбиесі институтын бұқаралық дене тәрбиесі және туризмді ұйымдастырушы мамандығы бойынша бітірген.
1978-2018 жылдары Ақжар совхозында жұмысшы, Ақжар спорт мектебінде жаттықтырушы,аудандық комсомол комитетінің хатшысы, Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінің директоры, Ақжар спорт мектебінің директоры, Абай және М.Әуезов атындағы орта мектептерінің директоры, М.Әуезов атындағы орта мектебінің дене тәрбиесі мұғалімі болып, 2013 жылдан бастап Б.Сайханов атындағы спорт мектебінің директоры қызметін атқарып келеді.
Қазақстан Халықтары облыстық кіші ассамблеясының алғашқы мүшелерінің бірі.
1994 жылы I шақырылған Тарбағатай аудандық мәслихатының,1999 жылы облыстық мәслихатының депутаты болып сайланған.
Марапаттары: Еркін және қазақ күресінен облыстың бірнеше дүркін жүлдегері және чемпионы, «КСРО Альпинисі» белгісінің иегері. «ҚР Тәуелсіздігінің 10-жылдығы» және Астананың 20 жылдығы мерекелік медалінің иегері, «Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін», «Толағай» жастар ұйымының, Абай мектебіне 80 жыл мерекелік төсбелгілерінің иегері. Аудан, облыс әкімінің, «Республикалық қоғамдық-саяси бірлестігінің» «ВЛКСМ»Орталық Комитетінің бірнеше мәрте алғыс хаттары мен мадақтау грамоталарымен марапатталған. Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы».