Мұхамадиева Жанна Кәдірқызы 1965 жылы 1 қазанда бұрынғы Семей облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылында дүниеге келген.
1993 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін ұлт мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1982-2014 жылдары аралығында Алматы қаласындағы №263 балабақшада тәрбиеші болып бастап, Ақсуат аудандық комсомол комитетінің хатшы – іс жүргізуші, Қ.Сәтпаев атындағы орта мектебінің мұғалімі, аудан әкімі аппаратында жастар ісі жөніндегі комитеттің референті, аудан әкімі аппаратында іс жүргізуші, аудан әкімі аппараты жалпы бөлімінің бас маманы, аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің,кеңсе, қаржы-шаруашылық бөлімдерінің басшысы болып қызметтер атқарған.
V, VI шақырылған Тарбағатай аудандық мәслихатының депутаты.