Абдрахманов Нұрлыбек Құрманбайұлы 1960 жылы 10 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы бұрынғы Тополев-мыс ауылында дүниеге келген.
1976 жылы Ш.Уалиханов атындағы орта мектепті бітірген.1980 жылы Қызылорда облысы, Арал қаласында Арал-Балхаш бассейн инспекциясын «судамеханик» мамандығы бойынша бітірген.
1977-2015 жылдары «Зайсанрыбпром»мекемесінде механик,цех басшысы, Приозерный кентіндегі коммуналдық шаруашылықтың директоры, «СМУ Тарбағатай» ЖШС-нің директоры қызметтерін атқарған.
2016 жылы «Құрманбай» жеке кәсіпкерлігін құрып, жеке меншік мемлекеттік серіктестік аясында «Мөлдір бұлақ» бала бақшасын ашып, жұмысын жүргізуде.