Қариғажин Абдрахман 1952 жылы 30 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы , Жаңғызтал ауылында туған.
1969 жылы Ақжар ауылындағы Абай орта мектебін бітірген.
1971-1973 жылдары Кеңес Армиясы қатарында азаматтық борышын өтеген.Запастағы офицер.
1969-2005 жылдары Ленин орта мектебінде мұғалім.Ласты совхозында құрылысшы, аудандық ДОССАФ-та инструктор, аудандық азаматтық қорғаныстар бөлімінің бастығы, аудандық атқару комитетінің жалпы бөлім меңгерушісі, Тарбағатай ауданы бойынша жер сілкінісі зардаптарын жою жөніндегі аудандық штат бастығының міндетін атқарған, Тарбағатай аудандық әкімшіліктің жалпы бөлім меңгерушісі, біріктірілген ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлім бастығы қызметтерін,Өскемен қаласындағы Қазақ Саңыраулар қоғамының оқу өндірістік кәсіпорнында кадр жөніндегі инспектор,кәсіпорын директорының өндіріс-кадр жөніндегі орынбасары міндетін атқарған.
V шақырылған Тарбағатай аудандық мәслихатының депутаты болып сайланған.