Қанағатов Марат Әйкенұлы 1973 жылы 18 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары.
1990 жылы Ақжар ауылында Абай атындағы орта мектепті бітірген.
1994 жылы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетіне түсіп, «Математика,информатика және есептеуіш техника негіздері»мамандығын алған.
1994-2011 жылдары Асусай орта мектебінде физика-математика пәнінің мектеп мұғалімі, М.Әуезов атындағы орта мектебінде оқу ісінің меңгерушісі және информатика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарған.
V шақырылған Тарбағатай аудандық мәслихатының депутаты болған.