
1961 жылы 20 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақжар совхозына қарасты, Комсомол ауылында дүниеге келген.
1977 жылы орта мектепті бітірді.
1981 жылы Өскемен қаласындағы СССР-дің 50 жылдығы атындағы педагогикалық училищесін «Жалпыға білім беретін мектептің бастауыш сыныптарының оқытушысы» мамандығы бойынша бітіріп шыққан.
Еңбек жолын 1981 жылы Ақжар ауылындағы «Балауса» бала бақшасында тәрбиеші болып бастап, 1985 жылдан аталған мекемеде меңгеруші қызметін атқарып келеді. Жоғары санатты маман.
1981 жылдан елдегі сайлау науқанының үгіт-насихатшы жұмысынан учаскілік сайлау комиссиясы,округтік сайлау комиссиясының төрайымы қоғамдық міндеттерін атқарып келеді.
1993 жылдары І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтына түсіп, «Мектепке дейінгі педагогика және психология пәнінің оқытушысы,тәрбиеші» мамандығын алып шыққан.Екі оқу орнын үздік бітірген.
Марапаттары: 1996 жылы «ҚР Білім Министрлігінің білім жүйесіндегі шығармашылық еңбегі және жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін»Құрмет грамотасымен марапатталды.
2004 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің әлеуметтік-экономикалық және демоктратиялық бағытта құрылуына қосқан үлесі үшін алғыс хатын алды.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл»мерекелік медалімен марапатталған және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталған.
2014 жылы «Ұлттық Бизнес Рейтингтер одағы, Қазақстан,Ресей,Украина,Беларусь,Азербайжан мемлекеттер арасындағы халықаралық деңгейдегі Шығыс Қазақстан облысы бойынша МДББҰ арасынан алтын рейтінгісін ұтып алып, «Сала көшбасшысы -2014» сертификатымен марапатталды.
2012-2014 жылдар аралығында ШҚО білім саласындағы бақылау Департаментінің тексеру комиссиясының штаттан тыс мүшесі болды.
2015 жылы «Ту ұстап тұлпар мінген-Ер-Дәулетбай»медалімен; ҚР Ұлттық Бизнес Орталығы ұйымдастыру алқасының шешімімен «Қазақстан Экономикасы Даңқ Жұлдызы»Орденімен марапатталды.
2015 жылы ҚР Білім және Ғылым министрі А.Сәрінжіповтың «Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары мен білім беру саласында қосқан үлесі үшін» Құрмет грамотасымен марапатталды.
2016 жылы Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілді.
2016 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің қаулысы бойынша «Тарбағатайдың Алтын Анасы»төсбелгісімен наградталды.
2016 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығы бойынша «Ерен еңбегі үшін»медалімен наградталды.
2020 жылы ҚР Білім және Ғылым министрлігінің ең жоғарғы марапаты Ыбырай Алтынсарин төс белгісімен наградталды.