Рахымбаев Манарбек Мырзахметұлы 1968 жылы 1 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Қарасу аулында дүниеге келген.
1976-1986 жылдары Өскемен қаласындағы Жамбыл интернатында оқыған.
2001 жылы Өскемен қаласындағы ШҚМУ оқу орнына тарих факультетін сырттай оқып бітірген.
1986 жылдан бастап УКПИ да лаборант, Өскемен қаласында Ремзаводта электрик, Тарбағатай ауданы Қарасу ауылындағы В.Чкалов атындағы орта мектепте электрик, аталған мектепке әскери жетекші, осы мектептің директоры, Қабанбай ауылындағы К.Төгісов атындағы орта мектептің директоры қызметтерін атқарған.
2007 жылы V шақырылған Тарбағатай аудандык мәслихатының депутаты болып сайланған.
Марапаттары: «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.