Омарбеков Алдаберген Омарбекұлы 1973 жылы Семей мемлекеттік медициналық институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген.1973-1974 жылдары Семей облыстық клиникалық ауруханасында терапия саласы бойынша интернатурадан өтіп, 1974 жылы орталық ауруханаға терапевт дәрігері болып қабылданған.1976-1984 жылдары дәрігер рентгенолог, 1984-1986 жылдары емхана меңгерушісі, 1986-1995 жылдары бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары, 1997 жылдан бастап «Сұлтан» дәрігерлік емхананың аға дәрігері болып қызмет атқарған.
Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы».