Қабдешов Әбілқас 1952 жылы 29 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Жаңаауыл ауылында дүниеге келген.
1971 жылы Қ.Ақынов атындағы орта мектепті бітірген.
1975 жылы Семей зоотехникалық – малдәрігерлік институтын зоотехник мамандығы бойынша бітірген. 1975-1996 жылдары Тарбағатай ауданы, Шілікті ауылында бас зоотехник, қазіргі Қабанбай ауылында бас зоотехник, Қарасу ауылында директор 1989-1994 жылдары Крупская селолық Советінің депутаты болған.
III шақырылған Тарбағатай аудандық мәслихатының депутаты болып сайланған.
Марапаттары: Бірнеше мәрте аудандық, облыстық әкімдердің Құрмет грамоталарымен және Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл толуына орай Елбасы атынан Алғыс хатпен марапатталған.