Жуанышев Ахметхан Абдеханұлы 1950 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Жанғызтал аулында дүниеге келген.
1967 жылдары Ласты совхозындағы Ленин атындағы мектепте оқып, күміс медальмен аяқтаған.
1973 жылы Алматы мемлкеттік медицина институтының емдеу факультетін бітірген.
1974-1997 жылдары Тарбағатай аудандық ауруханасының туберкулезге қарсы емдеу бөлімінің меңгерушісі қызметінен бастап, Тарбағатай аудандық Туберкулезге қарсы емдеу ауруханасының бас дәрігері, Тарбағатай аудандық ауруханасының бас дәрігері, Ақжар ауылында аудандық туберкулезге қарсы диспансерінде бас дәрігер қызметтерін атқарады.
1-ші рет Аудандық Кеңеске депутатыққа сайланып, 2-ші рет III шақырылған Тарбағатай аудандық мәслихатының депутаты болып сайланған .
Марапаттары: «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігІне 10жыл» мерекелік медалімен, Қазақстан Республикасының Конституцияның 10 жылдық мерекесіне орай медалімен, 2 рет «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» атақтарын, ұлттық бизнес-рейтинг қорытынды көрсеткіштері бойынша «Қазақстан даңқы»орденімен және Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бұйрығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаталған. Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы», «Тарбағатай ауданының экономикасына қосқан үлесі үшін»төсбелгілерімен марапаталған.