Байсейітов Мейрамбек 1970 жылы Ақсуат орта мектебін, 1978 жылы Семей қаласының финанс - экономикалық техникумын бітірген.
1970-1972 жылдары Чита қаласында Отан алдындағы азаматтық борышын өтеген.
1973-2008 жылдары №2208 жылжымалы механикаландырылған құрылыс колоннасында тас қалаушы, бригадир, Ақсуат аудандық қаржы бөлімінде мемлекеттік кірістер инспекторы, Ақсуат аудандық жоспарлау комиссиясында аға экономист, шаруашылық есептегі құрылыс жөндеу учаскесінің экономисі, Агропром банктің Ақсуаттағы кредит бөлімінің басшысы, «Игілік Банк» коммерциялық банкісінің Мақаншы және Ақсуаттағы филиалының директоры, Тарбағатай ауданы «Отан» саяси партиясының бірінші орынбасары, Тарбағатай аудандық мәслихатының тексеру комиссиясының төрағасы болып қызметтер атқарған.