Ахметов Бейсенбай 1946 жылы 21 наурызда Шығыс Қазакстан облысы, Тарбағатай ауданы, Тополев-Мыс селосында дүниеге келген.
1965 жылы Приозерный поселкасындағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепті бітірген.
1973 жылы Семей қаласындағы зоотехникалық малдәрігерлік институтын бітірген.
III, IV шақырылған Тарбағатай аудандық маслихатының депутаты болған.
Марапаттары: 2005жылы желтоқсанның 12 жұлдызындағы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы бойынша Құрмет грамотасымен, 2006 жылы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хатымен марапаталған. Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы». Аудан ,облыс әкімдерінен берілген бірнеше Құрмет грамоталарының иегері.