Рахымбаева Бақыт Мырзахметқызы 1948 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Қарасу аулында дүниеге келген.1966 жылы Қарасу ауылында В.Чкалов атындағы орта мектепті бітірген.
1966-1996 жылдары Тарбағатай аудандық байланыс торабында оператор, телефонист, Тарбағатай аудандық партия комитетінде партиялық есеп бөлімі қызметкері, Ақжар совхозында кадр бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.
1999 жылы Тарбағатай аудандық мәслихатының депутаты болып сайланып ,тексеру комиссиясының төрайымы міндетін атқарды.
Марапаттары: Тарбағатай ауданы Комунистік партиясының, Ақжар совхозының және «Ақжол» Қазақстан Демократиялық партиясы Орталық комитеті басшыларынан мақтау грамоталары мен алғыс хаттарымен марапаталған.