Меню

Страницы

Статья

БІРІНШІ ШАҚЫРЫЛҒАН ТАРБАҒАТАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ (1994-1999 ЖЫЛДАР)

Уалиев Амангелді Ілиясұлы 18 қазанда 1953 жылы Шығыс Қазақстан облысы,Тарбағатай ауданы,Ұласты селосында туған.

Қызмет барысында екі рет поселкелік Советтің депутаты болған.

1971 жылы орта мектепті бітірген.

1976-1999 жылдары Тарбағатай совхозының мал шаруашылығы өндірісіндегі еңбекті жеңілдету инженері, автогараж меңгерушісі, Қазақстан ЛКЖО Тарбағатай аудандық комитетінің бірінші хатшысы, Приозерный кентіндегі Тарбағатай автотранспорт кәсіпорны бастығының орынбасары, Зайсан балық өнеркәсібі өндірістік бірлестігінде инженер бас директордың орынбасары, Приозерный /кейіннен Тұғыл деп аталған/кентіндегі Тарбағатай авторанспорт кәсіпорнының бастығы, президенті, Тарбағатай ауданы маслихаты тексеру комиссиясының төрағасы, Ұлан ауданы Айыртау селолық округінің әкімі қызметтерін атқарған.

 2001-2016 жылдары ШҚО әкімі аппаратында бас маман, облыс әкімі орынбасарының көмекшісі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ШҚО аумақтық инпекциясының ұйымдастыру, техника жөніндегі мемлекеттік инспекциясы бөлімдерінің бастығы, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында техникалық, астық және тұқым инспекциясы бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

1994 жылы I шақырылған Тарбағатай аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды.

Мараппаттары: Аудандық, облыстық денгейдегі мақтау грамоталарымен және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мақтау грамотасымен «Қазақстан Республикасының  тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапаталған. Екі рет Қазақстандық,1982 жылы Бүкілодақтық комсомолдар сьездеріне делегат болып қатысқан. 

 

Дата публикации
06 октября 2023
Дата обновления
06 октября 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
15 апреля 2025
Тарбағатай ауданының Құрметті азаматтары
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
09 октября 2023
БІРІНШІ ШАҚЫРЫЛҒАН ТАРБАҒАТАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ (1994-1999 ЖЫЛДАР)

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы