Дүйсенбаев Дәулетхан 1955 жылы бұрынғы Семей облысы, Көкпекті ауданы, Үлгілі малшы совхозында дүниеге келген.
1971 жылы Тарбағатай ауданы, Тарбағатай совхозында Қазақстанның 40 жылдығы атындағы орта мектебін бітірген.
1978 жылы Семей қаласында Мемлекеттік медициналық институтының емдеу факультетін бітіріп, хирург мамандығын алып шыққан.
1979-2018 жылдары Тарбағатай аудандық ауруханасына хирург, хирургия бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етіп келеді.
1994 жылы 1 шақырылған Тарбағатай аудандық мәслихатының депутаты болып сайланған.
Марапаттары: Республика Тәуелсіздігне 20жылдығына орай мерекелік медальмен,облыстық денсаулық сақтау Департаментінің және облыс әкімінің мақтау грамотасымен марапаталған.Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы».