Атымбаева Зәуре Нұрахметқызы 1967 жылы 10 қантарда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Крупская ауылында дүниеге келген.
1984 жылы Крупская орта мектебінің орта мектебін бітірген.
1987 жылы Өскемен мәдени-ағарту училищесін кітапханашы мамандығы бойынша бітіріп шыққан.
1987-2005 жылдары Шеңгелді, Бәкей, Шорға, Жетіарал ауылдарында кітапханашы, Қабанбай мәдениет үйінің директоры болып қызмет атқарған.
1994 жылы I шақырылған Тарбағатай аудандық мәслихатының депутаты болып сайланған.
Марапаттары: Білім беру жүйесіндегі шығармашылық еңбегі және жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін Медеу аудандық білім бөлімінің, Алматы қаласының «Ұстаз» кәсіподақ ұйымының, мектепішілік мақтау қағаздары,алғыс хаттарымен марапатталған.