Меню

Страницы

Статья

Тарбағатай аудандық мәслихатының хатшылары I - VII шақырылым

ЖАҚАЕВ Сәумен Әшіржанұлы  

1956 жылы 19 қарашада Шығыс Қазақстан облысы,Тарбағатай ауданы, Жалғызтал ауылында дүниеге келген.

1973 жылы Ласты совхозындағы В.И.Ленин                          атындағы орта мектепті бітірді.

1978 жылы Семей қаласындағы малдәрігерлік иснтитутын мал дәрігері мамандығы бойынша бітірген. 1978 жылдан 1991 жылдарға дейін Тарбағатай ауданы, Ақжар совхозының №3 фермасында мал дәрігері, Ақжар совхозы бастауыш комсомол ұйымының хатшысы, Тарбағатай аудандық партия комитеті ауыл шаруашылық бөлімінің нұсқаушысы, ауыл шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1987 жылы Тарбағатай аудандық партия комитетінің конференциясында аудандық партия комитетінің бюро мүшесі болып сайланды.1991-1993жылдары Тарбағатай аудандық кеңес атқару комитетінің жоспарлау бөлімінің аға экономисі, аудандық кеңес тексері комиссиясының төрағасы болды. 1994 жылы баламалы негізінде аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы болып сайланды.

1995-1996 жылдары Тарбағатай аудандық әкімі аппаратының экономика комитетінің төрағасы болып қызмет атқарды.

1997-2016 жылдар аралығында аудан әкімінің көмекшісі, аппарат басшысы, аудан әкімінің орынбасары болып жемісті қызмет етті.

2016 жылдың наурыз айында алтыншы шақырылған аудандық мәслихаттың хатшысы болып сайланды.

Ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуын қамтамсыз етудегі белсенді қызметі үшін екі мәрте Шығыс Қазақстан  облысының әкімдігі мен обыстық мәслихаттың «Құрмет» грамотасымен, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл, 25 жыл мерекелік медальдарымен, «Нұр Отан» партиясының «Белсенді қызметі үшін» медальімен марапатталды. 2016 жылы «Тарбағатай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

 

Дата публикации
05 октября 2023
Дата обновления
05 октября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
15 апреля 2025
Тарбағатай ауданының Құрметті азаматтары
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
09 октября 2023
БІРІНШІ ШАҚЫРЫЛҒАН ТАРБАҒАТАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ (1994-1999 ЖЫЛДАР)

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы