Құрметті жиналысқа қатысушылар!
Еліміздің Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру маңыздылығын ерекше атап көрсетіп келеді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы – мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиімділігінің басты көрсеткіші болатынын және ол мемлекеттік тұтынушы ретінде халыққа тікелей бағдарлануы тиістілігін айқындап берді. Елбасының айқындап берген тапсырма, міндеттеріне сәйкес, 2013 жылдың 15 сәуір күні «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы қабылданған, осы заңының 23-бабының 6 тармағына сәйкес Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге жылына бір рет жария талқылаулар өкізеді. Халықтың мемлекеттік қызмет түрлеріне қолжетімділігін арттыру бағытында игі бастамалар жүзеге асырылуда. Жария талқылаулардың қорытындылары мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын жетілдіру үшін пайдаланылады.
Ендігі кезекте Тұздыбастау ауылдық округі бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметтің 2024 жылғы есебімен таныстыруға рұқсат етіңіздер!
Талғар ауданының Тұздыбастау ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сінде келесі мемлекеттік қызметтер түрі көрсетіледі:
2024 жылы Тұздыбастау ауылдық округі әкімі аппаратына «E-license» порталы арқылы электронды түрде жалпы саны – 2744 өтініш, оның ішінде "Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметі бойынша 6-уі қағаз жүзінде, мемлекеттік қызмет көрсетілді. Ендігі кезекте әрқайсысына тоқталатын болсақ:
1.«Сауда-саттық (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» бойынша - 146 өтініш жеке тұлғадан.
59 өтініш оңтайлы шешім алғандар,
39-дәлелді бас тартулар, 48 өтініш өз тарапынан қараусыз қалдыру туралы.
2.Жер учакесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметі бойынша жалпы саны -368 оның ішінде - 343 жеке тұлға, 25 заңды тұлға.
343 өтініштің – 132 оңтайлы, оның ішінде 53 оңтайлы шешім алғандар, қалған 79 кері қайтарып алғандар, 132 - дәлелді бас тартулар, 79 -өтініш өз тарапынан қараусыз қалдыру туралы өтініштер.
Осы жоғарыда айтылған екі мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бас тартудың негізгі себептерін атап өтейін, олар: елді мекен шекарасынан тыс жерде орналасқан, ортақ пайдаланудағы жолдарға, қызыл сызыққа, жасыл желек аумағында, су қоғау аумақатында орналасуына байланысты бас тартылған.
3.«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметі бойынша тұрған азаматтардың өтініштердің саны- 2375 азамат.
4."Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметі бойынша - 5 өтініш тіркеліп, 4-қанағаттандырылды,1 -бас тартылды.
5.
Тұздыбастау ауылдық округі әкімінің аппаратының ғимаратында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» ұйымдастырылған, көрсетілген мемлекеттік қызметтің жалпы саны - 36 қызмет, оның ішінде электронды кілт ашу мен әртүрлі анықтамалар алынды.
«Электрондық үкімет» порталы, Telegram-бот, @EgovKzBot мобильді мессенжерін пайдалану арқылы керекті қызметтерді жергілікті тұрғындар қолжетімді, кедергісіз алуына мүмкіншілік жасалған.
2024 жылдың қазан айының 07-11-і аралығында Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде туындайтын проблемалар мен кемшіліктерді қарау бойынша Талғар ауданы әкімі аппаратының аудандық әкімдігінің жергілікті атқарушы органдары және ведомствоаралық бағынысты мекемелердің мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларын тағайындау туралы Талғар ауданы әкімінің 2024 жылғы24 шілдесіндегі №07-48 өкіміне сәйкес комиссия келіп тексеру жұмыстары жүргізілген болатын.
«Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарды бекіту туралы» қаулысына сәйкес, «Тұздыбастау ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ пандус қойылған.
Қазақстан Республикасының 2013 жылдың 2015 сәуіріндегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметер туралы» Заңының 11 бабының 12 тармағына, «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығына және Талғар ауданындағы жергілікті атқарушы органдарындағы мелекеттік көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту мақсатында 2024 жылдың 07-11 қазан аралығында – «Сауда саттықты аукциондарды өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидасының 7 тармағының 1 тармақшасына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері құжаттарды қабылдаған күні 15 (он бес) минут ішінде Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Алайда түскен өтініштер келесі күні тіркелген, оған электр жарығы болмағаны туралы түсініктеме беріліп,актісі ұсынылған болатын. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жіберілген кемшіліктердің қайталанбауы үшін түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік қызмет сапасын арттыру мақсатында 2024 жылы 27 қараша айында «Алатау жұлдызы» аты газетінде «Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу тиімділігі» атты мақаласы жарық көрді.
2023 жылы қазан айында Тұздыбастау ауылдық округі әкімінің аппаратында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіру» бойынша тікелей эфир өтті, ресми парақшада.
Сонымен қатар медиа жоспарға сәйкес наурыз, маусым, тамыз, қараша, айларында «Е-gov жаршысы» аясында парақшалар тартылып, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, «Инфографика», «Жария талқылау» бойынша инстаграм парақшаларына атқарылған іс-шаралар салынды.
Көрсетілген қызметтер халықтың сандық сауаттылығын арттыру, әртүрлі жастағы ауылдық елді мекендегі тұрғындарға көмектесу, уақыттары үнемделіп, қажетті құжаттарды тез арада ала-алатындықтары болып табылады.
Осы бағытта мемлекеттік қызметшілер ақпараттық технологияларды қолдана отырып жеке және (немесе) заңды тұлғаларға электрондық түрде мемлекеттік қызмет көрсетілуде.
Тұздыбастау ауылдық округте мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі қатаң бақылауға алынған.
Мемлекеттік қызметші – мемлекеттің сенімді өкілі болғандықтан, «Талғар ауданының Тұздыбастау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметкерлері халықтың игілігі үшін адал еңбек етіп, негізгі жұмысында мемлекеттік қызметшілер тек қызметкер ғана емес, халық арасында беделді және үлгі тұтатын тұлға ретінде қызмет атқаруда.
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!!!