Тұздыбастау ауылдық округінің әкімі Толымбеков Шынғыс Ермахаметұлының халық алдында 1 жарты жылдыққа есеп беру баяндамасы.

Тұздыбастау ауылдық округінің әкімі

Толымбеков Шынғыс Ермахаметұлының

20.06.2025 жылығы  халық алдында 1 жарты жылдықта

атқарылған жұмыстары туралы баяндамасы .

ТҰЗДЫБАСТАУ  АУЫЛДЫҚ  ОКРУГІНІҢ  БЮДЖЕТІНІҢ  ОРЫНДАЛУЫ ТУРАЛЫ

2025 жылға арналған жоспар бойынша барлығы 694 млн 192 мың теңге бөлініп, осы күнге дейін 176 млн 800 мың теңге қаражат  игерілген.

Оның ішінде:

  • Әкім аппаратын ұстап тұруға - 29 млн. 360 мың теңге;
  • Көшелерді жарықтандыру – 36 млн. 599 мың теңге;
  • Санитарияны қамтамасыз ету - 7 млн. 200 мың теңге;
  • Абаттандыру мен көгалдандыру – 18 млн. 336 мың теңге;
  • Автомобиль жолдарын күтіп ұстау – 10 млн. 200 мың теңге;
  • Бюджеттік алып қоюлар - 9 млн. 500 мың теңге, игерілді.
  • Заңнаманы өзгертуге байланысты жоғары тұрған бюджеттің шығындарын өтеуге төменгі тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер – 60 млн. теңге аударылды.

Ауылдық округ бюджетіне сәйкес 2025 жылға салықтың жылдық жоспары - 694 млн 189 мың теңге бекітілген

 Салық  түсімдері  бойынша  645 млн 273 мың 181 теңге салық түсті, орындалуы 93 пайызды құрайды. 

Жеке тұлғалардың мүлік салығы – жоспар бойынша  бекітілгені 11млн 289 мың теңге, орындалғаны 5 млн 000 мың 078 теңге;

Жер салығы – жоспар бойынша бекітілгені 2 млн 737 мың теңге, орындалғаны 1 млн 998 мың 160 теңге.

Жеке тұлғалардан көлік салығы – жоспар бойынша бекітілгені 191 млн 934 мың теңге, орындалғаны 215 млн 598 мың 061 теңге;

Заңды тұлғалардан көлік салығы – жоспар бойынша бекітілгені  1 млн 419 мың теңге, орындалғаны  1 млн 764 мың 132 теңге,

Жеке табыс салығы – жоспар бойынша бекітілгені 470 млн 521мың теңге, орындалғаны 420 млн 771 мың 505 теңге.

Ауылдық округте инвестиция  бойынша  :

  • 120 млн теңге – Тұздыбастау ауылында Мухаммед Хайдар Дулати көшесінде №1 «Бағым» дүкені, Жылқыбай көшесі, №152 а кондитерлік дүкен «Тәтті кейк», Темірлан көшесі, №1 а «Бастау» кафесі ашылды.

Ауыл аумағындағы жолдарды күтіп ұстауға 10 млн. 219 мың теңге бөлініп

5 млн 600 мың теңге, қыс мезгілінде (қаңтар- ақпан)  жолдарды күтіп ұстауға мердігер ЖШС «Ынтымақтасжол» жұмысын атқарды.

4 млн 107 мың теңге, Тұздыбастау ауылының орталық көшелеріндегі шұңқырларды жөндеуге жұмсалды. Мердігер  ЖШС «Алматы жолдары» жұмысты атқарды.

Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Тұздыбастау ауылындағы Ә.Марғұлан көшесін маршруттық тәсілмен ағымдағы жөндеу жұмыстарына 11млн. 116 мың теңге бөлініп жұмыстар атқарылуда. Мердігер  ЖШС «Талғар Жол Құрылыс».

2025 жылы көшелерді жарықтандыруға 152 млн. теңге бөлінді      – 10 млн. теңге – жеке кәсіпкер "Маулен" жылдың басында Тұздыбастау ауылдық округінің көше (сыртқы) жарық шамдарына техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізді.

 14 млн. 735 мың теңге, жеке кәсіпкер "Маулен" көше жарықтандыру жүйелеріне қызмет көрсету бойынша жұмыстарын  жылдың соңына  дейін жүргізеді.

30 млн. 807 мың теңге, ЖСШ «ГР Констракшн» және жеке кәсіпкер Жусипов ауыл көшелеріне 187 дана көше жарық шамдарын жасауға келісім шарт жасалды. Жұмыстар толығым аяқталды (Тегенбай, Сырғабекова көшесінің жалғасы, Мергенова, Наурызбай батыр, Қабанбай батыр көшесінің жалғасы, Баржықбай, Тәуке хан, Нұрғожаева)

  Тұздыбастау ауылында көше жарығының көбеюіне байланысты ағымдағы жылы 3 дана трансформаторлық қосалқы станция (ТП) орнатуға жұмыстар жүргізіледі.

  • 8 млн. 599 мың теңге көше жарығының коммуналдық шығындарына төленді.

2025 жылы елді мекендерді санитарлық тазалауға 7 млн. 700 мың теңге бөлінді

- жеке кәсіпкер «Болашақ» Тұздыбастау ауылдық округі бойынша санитарлық тазалау жұмыстарына яғни көшелер мен жаяу жүргінші бөлігін, аялдамалар бойындағы қоқыс жәшіктерін тазалау, арық жүйелерін санитарлық тазарту жұмыстары, анықталған стихиялық полигондарды қатты тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстары жүргізілуде;

2025 жылы елді мекендерді абаттандыруға 55 млн. теңге бөлінді.

  • 10 млн 436 мың теңге, Тұздыбастау ауылының орталық көшелеріндегі шұңқырларды жөндеуге жұмсалды. Мердігер ЖШС «Алматы жолдары» жұмысты атқарды.
  • 15 млн. 678 мың теңге, Ә.Марғұлан көшесінің арық желілерін ағымдағы жөндеуге жұмсалады. Мердігер ЖШС «Талғар Жол Құрылыс».

                   ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

  • Тұздыбастау ауылдық округінде 294 көше бар, жолдардың жалпы ұзындығы – 100,18 км., оның: 50,08 км. - асфальт қабатымен, 50,1  км.- тас құм қабатымен.
  • 2025 жылы Базарбаев, Байдибек баба, Сабит Мұканов, көшелеріне   асфальт  салу  жұмыстары  толығымен  аяқталды
  • Марғұлан,  Бердигулова, көшелеріне  арықпен қоса  асфальт  салу  жұмыстары  жүргізілуде,  
  • Сонымен қатар, Тұздыбастау ауылы 13 көшеге атап айтсақ: Тегенбай Розыбакиева, Райымбек,  Улан-1, Улан-2, Марғұлан, Тегенбаева, Бокина, Байгарашева,  Алпамыс батыр, Сейфуллина, Мангилик ел көшелеріне 8,2 шақырымға асфальт төсеу жұмыстарына техникалық құжаттама жасалынып,  №65-13-11/1052-и хатымен 24.10.2024 ж. Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім жолданды.

 ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ БОЙЫНША

 2025 жылы Тұздыбастау ауылындағы қолданыстағы 160 кВт - № 1097 трансформаторлық қосалқы станцияға және 250 кВт - № 1096 трансформаторлық қосалқы станцияға – куаттылығы 630 кВт трансформаторлық қосалқы станция күшейтіліп, жұмыс атқаруда.

Айсұлу -2 ықшам ауданындағы  қолданыстағы № 1230 трансформаторлық қосалқы станциясының қуаттылығын арттыру үшін қосымша 630 кВт трансформаторлық қосалқы станция орнату қарастырылуда.

3 ТП -ға  көше жарығы  орнату  жоспарлануда. Қосымша 15 ТП орнатуға ауданға қосымша өтінім  берілді.

Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 2025 жылдың 04 қаңтары мен -06 маусым аралығында   505 бабымен 32 азаматқа хаттама толтырылды.

Тұздыбастау ауылдық  округінің учаскелік полиция  инспекторларымен бірге әкім аппараты  қызметкерлерінің рейдтік тексеру барысында жабайы сауда орындарын жою бойынша ескерту берілді.

Аптасына  бір рет округ аумағында салынып жатқан үй құрылыс нысандарының заңдылығын анықтау мақсатында тексеру  жұмыстары жүргізіліп тұрады.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

 

 

 

 

 

 

Т

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

баяндама
Дата публикации
23 июля 2025