ЖОЛДАР
Тұздыбастау ауылдық округінде 294 көше бар, жолдардың жалпы ұзындығы – 197,1 км., оның: 40,08 км. - асфальт қабатымен, 60,1 км.- тас құм қабатымен.
2023 жылы Тұздыбастау ауылы Амангелді көшесіне орташа жөндеу жұмыстарына 2 км жолға 72 млн.тг. қаражат бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар, Орынбаев, Альтаир және Балуан Шолақ көшелеріне маршруттық тәсілмен ағымды жөндеу жұмыстары аяқталды. Жалпы ұзындығы 2 км жолға 58 млн.т. бөлініп, жұмыстар толығымен аяқталды.
«Ауыл ел бесігі» бағдарламасымен Тұздыбастау ауылы Майлина, Тәуелсіздік көшелерінің орташа жөндеу жұмыстарына 149 млн.т. қаражат қарастырылды. Мердігер мекеме «Жетысу Жол Құрылыс» ЖШС. Жұмыстар толығымен аяқталды.
Жергілікті бюджет қаражат есебінен Абылай хан, Қазбек би көшелерін маршруттық тәсілмен күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы – 1065 метр. Мердігер мекеме ЖШС "Талғар тұрғын үй". Сомасы – 33 млн.тг.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен Тұздыбастау ауылындағы Елібаев көшесін маршруттық тәсілмен күтіп ұстау жұмыстары жүргізілудеМердігер мекеме ЖШС "Талғар тұрғын үй". Ұзындығы – 615 метр. Сомасы – 12 млн. 432 мың тг.
Сонымен қатар, Тұздыбастау ауылы Өтемісұлы, Әл-фараби, Ер Тарғын көшелеріне маршруттық тәсілмен ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізуге жалпы ұзындығы 1,6 км жолға 55,8 млн.т. Алматы облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім беріліп 27 млн.т. қаражат қарастырылып асфальт төсеу жұмыстары толығымен аяқталды.
Қосымша: Тұздыбастау ауылдық округі Тұздыбастау ауылы Ауезова, Д.Базарбаев, Бәйдібек баба көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге ЖСҚ (жобалық сметалық құжат) дайын. Қажет ететін қаражат 139 млн. теңге.
2023 жылы 11 көше жөндеу жұмыстары жасалынды(Төле би, Балуан Шолақ, М.Өтемісұлы,Әл-Фараби, Орымбаева,Амангелді,Майлин, Тәуелсіздік,Ертарғын,Альтаир,Елібаев)
Абылай хан, Қазыбек би көшелері жасалынуда.
Жалпы 2023 жылы 13 көше жөндеуден өтті, 2022 жылмен салыстырғанда жөндеу жұмыстары 2 есе асты.
Сонымен қатар 9 көшеге(Базарбаев,Баржықбаев,Достық,Мақатов,Қазақстан,Тегенбаев, Қорқыт ата,Дәулеткерей,М,Әуезов) грейдермен тегістеу жұмыстары жүргізілді.
Жолдарды күтіп ұстау
- Тұздыбастау ауылдық округінің көшелеріндегі 300 кв.м шұңқырларды жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. ТОО "АР Строй 2050" – 1 млн 499 мың.
Сонымен қатар, Тұздыбастау ауылдық округінің көшелеріндегі шұңқырларды жөндеу жұмыстарына - 1370 шаршы метрге, 9 млн 744 мың тг. бөлініп жұмыстар жүргізілуде. Мердігер мекеме ЖШС "Buildex LTD".
Автобус
Алматы қаласы – Тұздыбастау ауылы арасында №54 автобус маршруты күнделікті 10-12 минут аралықпен 15 автобус кестеге сәйкес жүреді. Тасмалдаушы мердігер «АвтоАлмаТранс» ЖШС мекемесі. Сонымен қатар, №232 автобус маршруты бағыты бойынша жолаушыларды тасымалдау қызметін «АвтоАлмаТранс» ЖШС мекемесі қызмет көрсететін болады. Қазіргі таңда №232 автобус бағытының тарифі анықталуда. Тариф анықталғаннан кейін №2 теміржол вокзалынан (Алматы қаласы) Құлжа тас жолымен, Бұқтырма көшесі бағытталып, ҮАК (Үлкен Алматы каналы) бойымен сэспит Алатау тас жолы бағытында жүретін болады. Соңғы аялдама сэспит Алатау тас жолы «Наловили» ғимаратына қарама-қарсы болады. №232 автобус бағыты іске қосылғанда Бұқаралық ақпаратты құралдары (Instagram) tuzdybastau_akimat_ жеке парақшасында жарияланады.
СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ
Тұздыбастау ауылдық округін сумен жабдықтау ШЖҚ "Талғар Су" МКК-сі, оның ішінде Айсұлу ы/а "Нұра Топтық Су Құбыры" ШЖҚ РМК-сі айналысады.
Судың бекітілген тарифі 1м3 құрайды: Тұздыбастау ауылы – Жеке тұлғаларға 129,75 теңге, заңды тұлғаларға 147,71 теңге;
2023 жылы Тұздыбастау ауылының 127 шақырым су жүйесін қайта жаңғырту және салу жұмыстарына жоба әзірлеуге 73,5 млн.тг. қаражат бөлінді. Жобалаушы «РедлайнПро» ЖШС. Аяқталу мерзімі 2023 жылдың желтоқсан айы.
Көшелерді жарықтандыру
– 1 млн. 960 мың теңге – мердігер компания ЖШС "Есик Технология Сервис" Тұздыбастау ауылдық округінің көше (сыртқы) жарық шамдарына техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізді.
– 2 млн. 658 мың теңге, жеке кәсіпкер «QAZYNA» Көше жарықтандыру жүйелеріне қызмет көрсету бойынша жұмыстарын жылдың соңына дейін жүргізеді.
– 897 мың теңге – мердігер жеке кәсіпкер «LUCK» ауылдағы шамдарды ауыстыру және көше жарығын ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді.
– 15 млн. 704 мың теңге, ЖШС "Миди 01" - Тұздыбастау ауылдық округінде көше жарығын орнату бойынша келесі көшелерге: Аль-Фараби, Наурыз, Самал, Қабанбай батыр, Мажит Түркістан, Марғұлан Кенесары хан, Алатау тас жолының жалғасы, Қазыбек би көшелеріне жұмыстары толығымен аяқталды.
Сонымен қатар Ұлан, Сейдахмет (Ұлан көшесінің киылысы), Бокина, Жакып ( Жылқыбай мен Абай көшесінің аралығы),Бәйдібек баба, Жамбыл, Шәкәрім, көшелеріне көше жарығы орнатылуда. Мердігер жеке кәсіпкер ALMAMOUNT 2017. Сомасы – 10 млн 224мың тг.
Жалпы 2023 жылы 10 көшеге жарық орнатылды (Аль-Фараби, Наурыз, Самал, Қабанбай батыр, Мажит Түркістан, Марғұлан Кенесары хан, Алатау тас жолының жалғасы, Қазыбек би көшелері).
2023ж соңына дейін жоспарда 8 көшеге Ұлан, Мектеп, Сейдахмет, Бокина, Жакып, Бәйдібек баба, Жамбыл, Шәкәрім көшелеріне көше жарығы орнатылады.
Сонда 2023 жылдың соңына дейін 18 көше бойынша жарық орнатылады, 2022 жылме салыстырғанда жұмыс 2 есе өсті.
АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ КӨГАЛДАНДЫРУ
2023 жылы елді мекендерді абаттандыруға 30 млн. 290 мың теңге бөлінді, бөлінген қаражатқа келесі жұмыстар жүргізіліп,
- 2 млн. 378 мың теңге, ИП QAZYNA Тұздыбастау ауылдық округі бойынша ағаштарды кесу;
- 1 млн. 693 мың теңге жеке кәсіпкер «НУРЖИГИТ» Тұздыбастау ауылдық округ бойынша республикалық, облыстық және ішкі жолдардың бойында арам шөптерді шабу;
- 3 млн. 300 мың теңге, ЖШС "Montalvini" Тұздыбастау ауылында балалар ойын, воркаут алаңдарын, ескерткіштерді күтіп ұстау жайластыру;
- 1 млн 500 мың теңге, "АҚНИЕТ ҮМІТІ" мүгедектер қоғамдық бірлестігі полиграфиялық өнімдерді, баннерлерді дайындау жұмыстарына
- 3 млн 126 мың теңге, мердігер жеке кәсіпкер «Бекзат» апаттық ағаштарды кесу жұмыстарын жүргізуде.
Аталған жұмыстары жалғасын табуда.
- 3 млн. 696 мың теңге, ЖШС "NS-Stroi" арық науаларын ағымды жөндеу жұмысын толығымен аяқтады.
- 4 млн 566 мың теңге, ЖШС "ErSu2015" Жол аркасы құрылғысын орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.
ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛАУҒА
- 2 млн. 500 мың теңге, ОО "Общество инвалидов "Ел-Мұраты" Тұздыбастау ауылдық округі бойынша санитарлық тазалау жұмыстарына яғни көшелер мен жаяу жүргінші бөлігін, аялдамалар бойындағы қоқыс жәшіктерін тазалау бойынша іс-шаралар жүргізілді;
«QAZYNA» анықталған стихиялық полигондарды қатты тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстарына бөлініп, жұмыстар жалғасын табуда;
– 2 млн. 250 мың теңге, жеке кәсіпкер «Karasay Prof Servise» арық жүйелерін санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізіп, толығымен аяқтады.
Округте қаңғыған иттерді аулау жұмыстары тұрақты жүргізіліп, 2023 жылдың ІІI-тоқсанында округ бойынша 174 ит ауланды.
ӨЗГЕ ҚЫЗМЕТТЕР МЕН ЖҰМЫСТАРҒА
ТОО "Султан Trade LD" – 2 588 888 - Мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектерге) арналған пандус орнату жұмыстары аяқталды.