«Алматы облысы Талғар ауданының елді мекендерінің шекараларын белгілеу туралы» бірлескен Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 06 ақпандағы № 02-30 қаулысы және Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 06 ақпандағы № 11-65 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

ЖОБА

«Алматы облысы Талғар ауданының елді мекендерінің шекараларын белгілеу туралы» бірлескен Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 06 ақпандағы № 02-30 қаулысы және Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 06 ақпандағы № 11-65 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Талғар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Талғар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. «Алматы облысы Талғар ауданының елді мекендерінің шекараларын белгілеу туралы» бірлескен Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 06 ақпандағы № 02-30 қаулысы және Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 06 ақпандағы № 11-65 шешіміне(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4120 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бірлескен әкімдік қаулысының және мәслихат шешімінің
1-тармағы 7) тармақшасының 1 және 3-абзацтары жаңа редакцияда жазылсын:

«7) Кеңдала ауылдық округі бойынша:

Ақдала ауылының шекарасы (шегі) 385,3277 гектарға өзгертіліп, Ақдала ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 735,4277 гектар болып белгіленсін;

Кеңдала ауылының шекарасы (шегі) 63,5306 гектарға азайтылып, Кеңдала ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 216,4979 гектар болып белгіленсін;»;

Кендала ауылдық округіндегі Ақдала ауылы мен Кендала ауылының шекаралары (шектері) қоса беріліп отырған схемалық карталарға сәйкес өзгертілсін:

2. Осы бірлескен Талғар ауданы әкімдігінің қаулысы және Талғар аудандық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Талғар ауданының әкімі

К. Абдыханов

Талғараудандық мәслихатның

хатшысы

М. Алибеков

Қаулы
Дата публикации
09 декабря 2022