ЖОБА
Талғар ауданы аумағында жолаушылар мен багажды
автомобильмен тұрақты тасымалдаудың барлық
маршруттары үшін бірыңғай тарифін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 9) тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19-бабы 2-тармағына сәйкес Талғар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Талғар ауданы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың барлық маршруттары үшін бірыңғай тарифі 80(сексен) теңге мөлшерінде белгіленсін.
2.«Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Каспакбаевқа жүктелсін.
4.Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі К.Абдыханов
«КЕЛІСІЛДІ»
Талғар аудандық маслихаты