Талғар ауданы аумағында жолаушылар мен багажды қалалық (ауылдық) қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланған тарифін белгілеу туралы.

Талғар қаласы город Талгар

Талғар ауданы аумағында жолаушылар мен багажды қалалық (ауылдық) қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланған тарифін белгілеу туралы.

«Автомобиль көлiгiтуралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19-бабына сәйкес, сонымен қатар ақша қаражатының көлеңкелі айналымын болдырмау және салықтар мен міндетті төлемдер түріндегі ақша қаражаттарының түсімін ұлғайту, жолаушылар тарапынан Талғар ауданының қоғамдық көлігінде қолма-қол ақшасыз жол ақысын төлеу әдісінің тартымдылығын арттыру мақсатында, Талғар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Талғар ауданының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық (ауылдық) қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланған тарифі келесі мөлшерде белгіленсін:

жол ақысын ұялы байланыс операторының көрсетілетін қызметтері арқылы немесе электрондық жол жүру картасы арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде – 80 (сексен) теңге;

жола қысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 150 (жүз елу) теңге.

2. Электрондық жол ақы төлеу жүйесі жарамсыз болған жағдайда, көлік карталары арқылы төлемді жүзеге асыратын жолаушылар тегін жол жүру құқығына ие болады.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Талғар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4.Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
23 декабря 2022