Меню

Страницы

Статья

Талғар қаласының әкімі Бахыт Куатбекович Куришбековтың тұрғындармен кездесуі

 

Құрметті қала тұрғындары!

      Өздеріңізге белгілі, ҚР Президенті К.К.Тоқаевтың 2022ж 3 наурызындағы №826 Жарлығына сәйкес,қоғамды одан әрі демократияландыру, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын, жауапкершілігін, есептілігін арттыруды міндет етті.

     Ендігі кезекте өздеріңізбен әр тоқсан сайын кездесіп, қаладағы әлеуметтік мәселелерді шешу жолдары тұрақты талқылап келеміз. Есеп берудің мақсаты- қаламызда жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси шаралары туралы тұрғындарға хабардар ету, алдағы міндеттер мен негізгі бағыттарды айқындау, кемшіліктерді саралау.        

 

Уважаемые жители города!

         Как известно,в соответствии с Указом Президента РК К. К. Токаева от 3 марта 2022г. №826 поставлена задача дальнейшей демократизации общества, информирования населения о проводимых в стране реформах, повышения прозрачности, ответственности, подотчетности местных исполнительных органов.

         Сейчас мы с вами ежеквартально встречаемся, постоянно обсуждаем пути решения социальных проблем в городе. Цель отчета-информирование населения о проводимых в городе социально-экономических и политических мерах, определение предстоящих задач и основных направлений, дифференциация недостатков.

 

Күн тәртібінде 1 сұрақ:

  1. «2023ж 1-тоқсаны бойынша Талғар қаласының әлеуметтік –экономикалық даму қорытындысы»

           

                                      На повестке дня 1 вопрос:

1.«Об итогах социально-экономического развития города Талгар в 1-квартале 2023 года»

 

Доклад прилагается:

Перейдем к диалогу:

 

1.Мусапиров Н.К- Талғар қаласы, Яблочкова №5 8707 106 1895

Құрметті әкім мырза, құрметті жерлестер! Атқарылып жатқан жұмыстарыңыздың нәтижесі бар. Жолдарымыз жөнделіп, көше жарықтары қосылып жатыр. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін. Біздің кішкентай қалтарысымыз Яблочкова және Веселая көше жолдарын жөндеп, арық жүйелерін өткізіп берсеңіздер. Көп рахмет!

Куришбеков Б.К.: Сіздің көтерген мәселелеріңіз бойынша, ақша бөлінуіне байланысты тізімге қосамыз. Пікіріңізге рахмет!

 

  1. Жиенбаева А.- Новостройка №7 8771 581 7681

Қайырлы күн! Біз Кендала мен Талғар қаласының ортасында тұрамыз. Автобус маршруттарынан тек №203 қана 1сағатта бір жүреді. Автобустық аялдама да жоқ. Сабаққа, жұмысқа қатынау бізге қиын. №7,8 автобус маршруттарын өзгертіп, біз жақпен жүргізіп берсеңіздер.

Куришбеков Б.К.: Сіздің сұрауыңыз бойынша «Талғар-Байтерек» атты үлкен жоба дайындалып жатыр. Сол жоба жұмысы басталғанда Ломоносов көшесінен бастап Байтерек ауылына дейін жол жөндеу, жаяу жүргіншілер жолы, аялдама салу және абаттандыру жұмыстары басталады. Қосымша автобустар жүруін қарастырамыз.

 

  1. 3. Касымбаева Б.- Қарағанды көшесі №40

Сәлеметсіздерме құрметті тұрғындар, менің сұрағым- Абай мен Лермонтов көше қиылысына бағдаршам қоюға болады ма?

Куришбеков Б.К.: Сұрағыңызды қарастырамыз.

 

  1. Медетхан И.- Қалдаяқов көшесінің тұрғыны

«Ауезов» ықшам ауданында балаларға арналған спорт алаңы жоқ.

Куришбеков Б.К.: Сіздерде бірінші кезекте электр столбыларын және жүйелерін ауыстыру қажет. Содан кейін балалар және спорт алаңдарын салуды жоспарлаймыз.

 

  1. Ниетжанов С.- Қалдаяқов №47 8777 816 5302

Сәлеметсіздер ме! Ескі №7 мектептің орнына не салынады. Себебі жолдары тар.Екі көлік бірдей симайды.

Куришбеков Б.К.: Көп қабатты тұрғын үйлерді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін олжерге су қоймасы салынады.

 

 

 

6.Садуакасова А.К- Талғар қаласы емханасының басшысы 8747 536 1271

Қайырлы күн! Өздеріңізге белгілі «Автобаза» ықшам ауданында емхана жұмысын атқаруда, 2022жылы жаяу жүргінші жолдары салынып, соңына дейін аяқталмаған.

Екінші мәселе сол емхана орналасқан Қарасай батыр көшесіне жаяу жүргіншілер өткелін салып жол белгісін қойын берсеңіздер. Келушілерге жолдан өту ыңғайсыз әрі қауіпті.

Үшінші мәселе, Павлов көшесін аяғына дейін асфальттап берсеңіздер.

Куришбеков Б.К.: Толық түсініктеме беріп, осы жылдың жоспарына енгіземіз.

Барлығыңыз белсенділік танытқандарыңыз үшін алғыс айтамын! Басқа сұрақтарыңыз жоқ болса осымен кездесуімізді аяқтайық. Бірлесіп жұмыс істеуге ат салысайық!

Дата публикации
20 марта 2023
Дата обновления
20 марта 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
04 июня 2024
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Ақпарат
04 июня 2024
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Ақпарат
04 июня 2024
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы